Құран сүрелерімен дем салу
Шариғатымызда көз тигенде, сиқыр жасалғанда, жын тигенде, қорыққанда, бір нәрседен шошынғанда, ауырғанда, ақыл-есінен ауысқанда, басқа да себептермен дем салуға, үшкіруге рұқсат берілген. Сиқыр жасау, көз тию, жын тию – ақиқат. Ол жайында Құранда да, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де баяндалған. Құран аяттары және дұғалармен дем салу – Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті әрі үмбетіне үйретіп кеткен амалының бірі.
Құранның қасиетінің бірі – жанға дауа, дертке шипа болуы. Құран өмірден озған кісілердің рухына ғана оқылмайды. Дертке шалдыққан адам Құран аяттарын шипа ретінде оқи