ОҢҚА САЛУ (БАНКА ҚОЮ)

  • Тағамнан уланғанда, иіс тигенде бұрынғылар көбіне халық емі арқылы сауыққан. Сол сияқты, суық тигенде де қолданылатын халық ем­дері бар. Соның бірі – оңқа төң­керу. Ел ішінде мұны көбіне «банка басу» деп атай­ды. Ал оның қандай пайдасы бар?Денеге төңкерілетін шынының сыйымдылығы 30-70 миллиметр болуға тиіс. Оның ішін жалынмен қыздырып, төңкергенде сиреген ауа теріні өзіне тартып, сорады. Сол кезде денедегі қан тамырлары кеңейеді, оңқа төңкерілген жерге қан жиналады.Соның әсерімен тереңде жатқан тіндердің (ткань) қан және лимфа айналымы жақсарады, қабыну ошақтары басылады. 
ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ
Made on
Tilda