Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Оның ені — 46,5 м, ұзындығы — 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені — 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы — 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі — 37,5 метр. Сыртқы қабырғалардың қалындығы — 1,8—2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы — 3 метр. Жалпы тұрқы симметриялы, жеке бөлшектері — ассиметриялы болып келетін бұл зәулім ғимарат 8 түрлі бөлмелер тобынан тұрады: Қазандық, Үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай, Құдықхана, Кітапхана, Асхана, Көрхана, Мешіт.

ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ КЕСЕНЕСІ

АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ

ГАУҺАР АНА КЕСЕНЕСІ

ҮКАША АТА (САХАБА) КЕСЕНЕСІ

АҚМЕШІТ ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ

ҚАРАШАШ АНА КЕСЕНЕСІ

ИБРАҺИМ АТА КЕСЕНЕСІ

БӘЙДІБЕК АТА КЕСЕНЕСІ

ХОРАСАН АТА КЕСЕНЕСІ

ҚАРА БУРА ӘУЛИЕ КЕСЕНЕСІ

ЫСҚАҚ БАБ КЕСЕНЕСІ

АДАМ АТА-ХАУА АНА ЖАРТАСТАРЫ

КӨЗДІ АТА ӘУЛИЕ

ЖЫЛАҒАН АТА ҮҢГІРІ

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ

РАЙЫМБЕК БАТЫР КЕСЕНЕСІ

ШАРЫН ШАТҚАЛЫ

ШОНЖЫДАҒЫ ЫСТЫҚ СУ

ҚАЙЫҢДЫ КӨЛІ